Еуропа чемпионатының ширек финалында Украина мен Англия құрамалары өзара мықтыны анықтады. Матч Римдегі (Италия) "Олимпико" стадионында өтіп, 4:0 есебімен ағылшындардың пайдасына аяқталды.
Кездесудің 4-минутында Гарри Кейн Рахим Стерлингтің пасынан кейін есеп ашты. Үзілістен кейін Англия қауіпті стандарт орындауға мүмкіндік алды. Люк Шоу айып алаңына әуелете пас асырып еді, Гарри Магуайр допты басымен қақпаға бағыттады. Төрт минуттан кейін Кейн дубль жасады. 63-минутта Мэйсон Маунттың пасынан кейін Джордан Хендерсон гол соғып, матчтың нүктесін қойды. "Тоттенхэм" клубының шабуылшысы Гарри Кейн осы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Осылайша Англия құрамасы жартылай финалда Дания құрамасымен күш сынасатын болады. Матч Лондондағы "Уэмбли" стадионында 7 шілдеде өтеді.
Біздің серіктес: FONBET