Англиядағы латынамерикалық ойыншыларға салынған тыйым өз күшін жойды

11.09.2021, 14:57
Бұған дейін бұл ойыншыларды бес күнге футболдан шеттеткен еді.
Англиядағы латынамерикалық ойыншыларға салынған тыйым өз күшін жойды

Премьер-лигада ойнайтын латынамерикалық футболшыларға алдағы матчтарға қатысуға рұқсат берілді, деп хабарлайды журналист Пол Джойс өзінің Twitter парақшасында.

Бұл Бразилия, Чили, Мексика және Парагвай құрамаларының футболшыларға санкция салу талаптарын жоюға келіскеннен кейін мүмкін болды.

Бұған дейін ФИФА Бразилия, Парагвай, Мексика және Чили ұлттық футбол федерацияларының сұранысы бойынша Премьер-лигада ойнайтын 11 ойыншыға өз клубтары үшін ресми ойындарға қатысуға бес күнге тыйым салды. Санкциялар ағылшын клубтары бұл ойыншыларды 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына жіберуден бас тартқанына байланысты салынған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×