Анри әлде СКОУЛЗ?

22.01.2012, 09:21
Анри әлде СКОУЛЗ?

"Арсенал" - "МЮ". "Зеңбірекшілер" өз алаңында "қызыл сойқандарға" қарсы. Кім мықты? Осы сұраққа жауапты бүгін кешке алатын боламыз. "Арсенал" өз тарихында "МЮге" қарсы ойындарда көбінесе жеңілген екен. Басқаға шамасы келсе де "қызылдарға" азуы батпай келген. Бұл жолы қалай болар екен?

Р.S

Нәтиже қалай болғандада бұл екі команданың аңызға айналған ұжымдар екенін ұмытпау қажет. Арсен Венгер мен Сэр Алекс Фергюссон ағылшын, одан қала берсе әлем футболына еңбегі сіңген арда тұлғалар. Біздің ойымызша бұл кездесуде ең басты мәселе тек нәтиже ғана емес, сондай-ақ ойыншылардың көкірегінде тігілген клубтың елтаңбасының асқақтауында. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×