Антонио Конте «Интерден» кетуі мүмкін

27.05.2021, 03:19
Конте мен клуб басшылығы арасында келіспеушіліктер болған екен.
Антонио Конте «Интерден» кетуі мүмкін

"Интер" командасының бас бапкері Антонио Конте жақын арада өз қызметінен кетеді, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

Дереккөздің мәліметінше, италиялық маман мен клуб басшылығының арасында келіспеушіліктер болған. Клуб басшылары дағдарысқа байланысты қаржыны қысқартуға және командадағы жалақыны 20 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр. Конте, өз кезегінде, бұл "Интердің" мақсат-міндеттеріне қайшы келеді және келесі маусымда ойдағыдай өнер көрсету үшін, керісінше, құрамды күшейту керек деп санайды.

Конте мен "Интер" арасындағы келісім-шарт алдағы 48 сағат ішінде бұзылуы мүмкін екендігі атап өтілді.

Конте "Интерді" 2019 жылы қабылдады және бұған дейін "Челси", "Ювентус", "Сиена", "Аталанта", "Бари" және "Ареццо" клубтарын жаттықтырған. Бұл маманның басшылығымен миландық клуб бірінші маусымда Еуропа Лигасының финалына дейін жетті, ал осы маусымда Италия чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×