Антонио Конте ресми түрде қызметінен кетті

27.05.2021, 04:48
Конте биыл командамен бірге Италия чемпионы атанды.
Антонио Конте ресми түрде қызметінен кетті

Антонио Конте «Интердің» бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Тараптар өзара мәміле бойынша келісім-шарттың күшін жойды.

«Клуб Антониоға Италия чемпионатында жеңіске жетелеген тамаша жұмысы үшін алғыс білдіреді. Антонио Конте біздің клубтың тарихында мәңгі қалады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Конте басшылықпен болған келіспеушіліктерге байланысты клубтан кетуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Клуб басшылары дағдарысқа байланысты қаржыны қысқартуға және командадағы жалақыны 20 пайызға төмендетуді жоспарлап отыр. Конте, өз кезегінде, бұл "Интердің" мақсат-міндеттеріне қайшы келеді және келесі маусымда ойдағыдай өнер көрсету үшін, керісінше, құрамды күшейту керек деп санайды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×