Антонио Конте «Тоттенхэмдегі» жұмысын жалғастыра береді

28.05.2022, 20:50
Италиялық маман жазда алты жаңа футболшыны командасына қосқысы келеді.
Антонио Конте «Тоттенхэмдегі» жұмысын жалғастыра береді

Журналист Фабрицио Романо өзінің Twitter парақшасында «Тоттенхэм Хотспурдың» бас бапкері Антонио Контенің келесі маусымда да клубта қалатынын мәлімдеді.

Дереккөздің хабарлауынша, италиялық маман «Тоттенхэмнің» спорттық директоры Фабио Паратичимен сәтті келіссөздер жүргізген. Конте лондондық клубты чемпиондыққа үміткерлер қатарына қосу үшін жазда алты жаңа футболшы алу керектігін айтқан.

Конте «Тоттенхэм Хотспурды» 2021 жылдың қарашасында тізгіндеген болатын. Клуб Ағылшын Премьер-лигасында төртінші орын алып, Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×