АПЛ-де төрешілерге қатысты жаңа ереже енгізілмек

27.02.2021, 20:49
Төрешілер матчтағы қателіктері үшін айыппұл төлеуі мүмкін.
АПЛ-де төрешілерге қатысты жаңа ереже енгізілмек

Ағылшын Премьер-лигасының матчтарында қызмет ететін төрешілер қателіктері үшін айыппұл төлеуі мүмкін.

Daily Mail-дің хабарлауынша, ең нашар жағдайда айыппұлдың көлемі 58 мың еуроны құрауы мүмкін. Англия Премьер-лигасының бас төрешісі 126000-138000 еуро көлемінде жалақы алады, бірақ олар қосымша сыйақы арқылы жалақысын 183 500-198 000 еуроға дейін арттыра алады.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, төрешілер әр матч үшін ұпай алатын болады. Ұпайлар 0-10 аралығында болады және төрешілік сапасына байланысты бонустар қайта есептеледі. Жобада бонус түріндегі толық соманы алу үшін төреші маусымның соңында орта есеппен 8,4 ұпай жинауы керек делінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×