Серхио Рамос болашағына қатысты шешім қабылдады

27.02.2021, 20:38
Рамостың озы жазда мадридтік клубпен келісім-шарты аяқталады.
Серхио Рамос болашағына қатысты шешім қабылдады

Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы және капитаны Серхио Рамос клубпен келісім-шартын ұзартуға жақын, деп хабарлады El Espanol басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, мадридтік клуб жаңа келісім туралы алдағы аптада жариялауы мүмкін. "Реал" Рамосқа коронавирустық пандемия жағдайындағы дағдарысқа байланысты (-10%) жалақысы 12 миллион евроны құрайтын тағы екі жылдық келісім-шарт ұсынады. Бастапқыда Рамос бұл мәміледен бас тартты, бірақ қазір бұл ұсынысты қабылдауға дайын.

Рамос "Реал Мадрид" сапында 2005 жылдан бері ойнап келеді. Бұған дейін футболшыға "Пари Сен-Жерменнің" қызығушылық танытқаны хабарланған болатын. Осы маусымда Рамос Испания чемпионатының 14 матчына қатысып, 2 гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×