«Ордабасы» нигериялық футболшымен келісім-шарт жасасты

27.02.2021, 18:24
Футболшы өткен жылы қос бірдей клубтың намысын қорғады - «Рух», «Томь».
«Ордабасы» нигериялық футболшымен келісім-шарт жасасты

«Ордабасы» футбол клубы нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучуквумен келісім-шартқа отырды.

Чиди өз отанында «Долфинста», кейін португалиялық «Брагада», белоруссиялық «Динамо» Брест пен «Рух» және ресейлік «Томь» клубында өнер көрсеткен. Ол 2011 жылы Нигерия, 2019 жылы Белоруссия чемпионы, 2016/17, 2017/18 маусымдардағы Беларусь Кубогінің және 2019 жылы Суперкубоктің жеңімпазы атанды.

Ол Нигерия жастар құрамасымен бірге Африка Кубогінің жеңімпазы және қола жүлдегері атанды. 2013 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынады. Осучукву жалпы мансабында 158 матч өткізіп, 9 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанған.

"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×