«Ақжайық» «Қайраттың» қос бірдей түлегімен толықты

28.02.2021, 01:41
Бірі қақпашы, бірі шабуылшы.
«Ақжайық» «Қайраттың» қос бірдей түлегімен толықты

Оралдық «Ақжайық» «Қайраттың» тәрбиеленушілерімен келісім-шарт жасасқанын жариялады.

25 жастағы қақпашы Илья Караваев 2019 жылдың наурызынан бастап «Ақжайық» сапында ойнап келеді. Ол оралдық команда құрамасында 16 матч өткізіп, 11 гол жіберіп алды. Бұған дейін ол Бірінші лигадағы «Қайрат Жастар» клубында ойнаған.

20 жастағы шабуылшы Вячеслав Швырев кәсіби футболдағы дебютін 2018 жылы «Қайрат» сапында өткізді. 2019 жылдың 15 наурызында ол Премьер-лигадағы алғашқы голын «Шахтер» қақпасына соқты. Жалпы Қазақстан Премьер-лигасында 19 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Ол өткен жылды «Қайрат-Жастар» клубының мүшесі ретінде өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×