«Қайсар» қырғызстандық клубты ірі есеппен жеңді

28.02.2021, 02:11
Әбілдаев шәкірттері 6 гол соқты
«Қайсар» қырғызстандық клубты ірі есеппен жеңді

Бүгін қызылордалық "Қайсар" қырғызстандық "Дордой" клубымен кездесіп, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Сұлтан Әбілдаев шәкірттері кездесу барысында қарсыластар қақпасына 6 гол соқты. Алдымен Коралис Лаукжемяс есеп ашса, Стефан Денкович 13-минутта есепті еселеді. 48-минутта Олжас Алтаев, 70 минутта Сергей Карпович, 83 минутта Шоқан Абзалов, 86 минутта Өркен Махан мергендігімен көзге түсті. Қарсыластар 3 голмен жауап қайтарды.

"ҚАЙСАР" ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×