«Ақтөбе» бес ойыншыны қатарға қосты

28.02.2021, 02:33
Екеуі қазақстандық футболшы, төртеуі қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.
«Ақтөбе» бес ойыншыны қатарға қосты

Лаша Тотадзе, Армен Манучарян, Максим Федин, Дінмұхаммед Қашкен және Михал Йержабек "Ақтөбе" клубымен келісім-шартқа отырды.

Тотадзе Грузияда "Дила", "Динамо Батуми", "Сиони", "Сабуртало" және т.б. футбол клубтарында ойнады. 2019 жылы Иран чемпионатында доп тепті. Лашаның соңғы клубы - өзбекстандық "Қызылқұм". 2010 жылы қорғаушы Грузияның жастар құрамасына шақыртылды.

"Бананц" клубының тәрбиеленушісі Манучарян мансабының көп бөлігін "Пюник" командасында өткізді. "Пюникте" төрт жарым маусым бойы Армен жүзден астам матч өткізді. Армения чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Команда құрамында Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде ойнады. 2020 жылы ол ресейлік "Роторға" ауысты. Қорғаушы Арменияның жасөспірімдер мен жастар құрамаларында ойнады. 2010 жылдан бері ұлттық құрамаға шақыртылып келеді.

Федин - Павлодар футбол мектебінің түлегі. Мансабын бастаған тұста ол Сербияға кетті, онда "Спартак" Субботица командасының намысын қорғады. 2016 жылы ол Қазақстанға оралды. Премьер-лигада "Атырау", "Оқжетпес", "Тобыл" және "Қайсар" командаларында өнер көрсетті. Ол Қазақстанның жастар құрамасында доп тепті. Ал ұлттық құрамадағы дебютін 2018 жылдың 14 қазанында жасады.

Дінмұхаммед Қашкен - Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы. Қорғаушы өткен маусымды "Қайсар" командасында өткізді, жеті матчқа қатысып, бір голдық пас берді. Жыл басында Кашкен болгариялық "Славия" клубына қаралымға барды, бірақ Дінмұхаммед бұл командамен келісім-шартқа отырған жоқ.

Михал Йержабек орталық қорғаушы позициясында ойнайды. Ол чехиялық "Дукла" және "Теплице" командаларында ойнады. Михалдың соңғы клубы - "Яблонец". 2013 жылы ол өз елінің жастар құрамасына шақыртылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×