«Ротор» қазақстандық клубпен кездеспек

28.02.2021, 03:11
Матч 1 наурызға жоспарланған.
«Ротор» қазақстандық клубпен кездеспек

Құрамында Дмитрий Шомко, Алексей Щеткин және Юрий Логвиненко өнер көрсететін волгоградтық "Ротор" РПЛ аясында "Химкиге" қарсы матчқа дайындалу үшін Түркияда жолдастық кездесу өткізбек.

Команда Белек қаласында 4 наурызға дейін болады. 1 наурызда "Ротор" шымкенттік "Ордабасымен" кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.

Айта кетейік, "Ротор" күні кеше РПЛ-дің 20-турында "Тамбов" клубын 1:3 есебімен жеңді. Юрий Логвиненко жарақатына байланысты бұл матчқа қатыса алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×