Ағылшын Премьер-лигасындағы барлық клубтар екі санатқа бөлінді, осыған сәйкес көрермендерді стадионға кіргізуге қойылған шектеулер алынып тасталды. 10 команда ғана 2000-нан көп жанкүйерлерді қабылдай алады, қалған 10 қатысушы бос стадионда ойнауын жалғастырады, деп хабарлады Sky Sports.
Стадионға көрермен кіргізуге рұқсат берілген клубтар (көп дегенде 2000 адам): "Тоттенхэм", "Челси", "Вест Хэм Юнайтед", "Кристал Пэлас", "Арсенал", "Фулхэм", "Ливерпуль", "Эвертон", "Брайтон энд Хоув Альбион", "Саутгемптон".
Ал қалған 10 командаға көрермен кіргізуге тыйым салынды: "Астон Вилла", "Вулверхэмптон", "Манчестер Юнайтед", "Манчестер Сити", "Ньюкасл Юнайтед", "Лидс Юнайтед", "Вест Бромвич Альбион", "Шеффилд Юнайтед", "Лестер Сити", "Бернли".
Естеріңізге сала кетейік, 2 желтоқсаннан бастап жанкүйерлер АПЛ матчтарын стадионнан көре алады деген ақпарат шыққан болатын.
Біздің серіктес: FONBET