АПЛ-дың қараша айындағы үздік бапкер атағына үміткерлер анықталды

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
05.12.2020, 03:10
Төрт бапкердің командасы да қараша айында керемет ойнады.
АПЛ-дың қараша айындағы үздік бапкер атағына үміткерлер анықталды

Кандиттар тізіміне 3 ойын жеңіске жетіп, 1 ойын тең түскен "Тоттенхэмнің" бапкері Жозе Моуриньо, 3 ойынның екеуінде жеңіске жеткен Фрэнк Лэмпард ("Челси"), Дэвид Мойес ("Вест Хэм") пен Уле-Гуннар Сульшер ("Манчестер Юнайтед") бар.

Дауыс беру Ағылшын Премьер Лигасының ресми сайтында 7-ші желтоқсанға дейін жалғасады.

Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 10 турда 21 ұпай жинаған "Тоттенхэм" көш бастап тұрса, екінші орынды голдар айырмашылығы бойынша бір саты төмен тұрған Юрген Клопп шәкірттері қанағат тұтты.

Мына сілтемеге кіру арқылы дауыс бере аласыздар!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×