АПЛ клубтары жазғы трансферлік терезеде 2,2 миллиард еуро жұмсады

03.09.2022, 00:00
Премьер-лигадағы 20 клубтың тоғызы 100 миллион еуродан астам ақша құртқан екен.
АПЛ клубтары жазғы трансферлік терезеде 2,2 миллиард еуро жұмсады

1 қыркүйекте Англиядағы жазғы трансферлік терезе жабылды. Бұл күні «Манчестер Юнайтед» бразилиялық шабуылшы Антониді 95 миллион еуроға сатып алып, футбол тарихына ең соңғы күні жасалған ең қымбат трансфер ретінде тіркеді, деп хабарлайды BBC Sport.

Биыл Премьер-лига клубтары жаңа ойыншыларды қатарға қосу үшін 2,2 миллиард еуро жұмсап, 2017 жылғы рекордты (1,6 миллиард еуро) жаңартты. 20 клубтың тоғызы 100 миллион еуродан астам ақша құртқан екен.

Sky Sports порталының хабарлауынша, «Челси» осы жазда АПЛ-де жаңа ойыншыларды сатып алу үшін ең көп ақша жұмсаған клуб атанды. Лондондық клуб Уэсли Фофана, Марк Кукурелья, Рахим Стерлинг, Калиду Кулибали, Пьер-Эмерик Обамеянг, Денис Закария, Кэрни Чуквуэмека, Чезаре Касадеи және Габриэль Слонинаны қатарға қосу үшін 322 миллион еуроға шығындалған, бұл команданың тарихына бір трансферлік терезедегі рекордтық шығын ретінде тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×