«Ақсу» «Атыраудың» жартылай қорғаушысын қатарға қосты

16.12.2021, 16:09
«Атыраудың» жаңа бапкерлер штабы ойыншыны жібергісі келмеген екен.
«Ақсу» «Атыраудың» жартылай қорғаушысын қатарға қосты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақсу» «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Рафаил Оспановпен келісім-шартқа отырды.

«Атыраудың» 24 жастағы түлегі Премьер-лиганың дебютанты «Ақсудың» ұсынысын қабыл алды. Оспанов өткен маусымда жиі ойнамай, қосалқы құрамнан шығып отырды. Чемпионатта 20 ойын өткізіп, 1 гол соққан.

«Мұнайшылардың» жаңа бапкерлер штабы келесі маусымда Оспановқа сенім артқанымен, ойыншы «Ақсудың» ұсынысын қабылдауға бел буды. Оның үстіне қаржылық жағынан павлодарлық клубтың ұсынысы «Атырауға» қарағанда әлдеқайда тиімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×