«Ақсудың» негізгі ойыншысы командадан кетуі мүмкін

24.06.2022 19:09 ҚПЛ

Ойыншы бас бапкермен жанжалдасып қалған екен.

«Ақсудың» негізгі ойыншысы командадан кетуі мүмкін

«Ақсу» клубының жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімов пен бас бапкер Руслан Костышин арасында жанжал туындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға Премьер-лиганың 14-туры аясындағы матчтан кейін болды, ол кезде команда сырт алаңда «Астанадан» ұтылған болатын. Ойын барысында Кәкімов бапкердің өзін ауыстыру туралы шешіміне наразы болды және бірнеше рет шағым айтқан.

Осы оқиғадан кейін ойыншының негізгі құрамға ену мүмкіндігі азая түспек. Сондықтан Кәкімов «Ақсудан» кетуі мүмкін.

Қазіргі уақытта футболшыға Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубтары қызығушылық танытуда, олардың қатарында «Ордабасы» мен «Тобыл» бар.

Биылғы маусымда Кәкімов «Ақсу» сапында 11 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

0 пікір