«Ақтөбе» - бірінші айналым жеңімпазы!

02.08.2014, 22:52
«Ақтөбе» - бірінші айналым жеңімпазы!
Владимир Газзаев жаттықтыратын «Ақтөбе» өз алаңында «Таразды» 2:0 есебімен жеңуінің арқасында ел премьер-лигасының бірінші кезеңін көш тізгінін ұстап аяқтады. Бүгін футбол жанкүйерлері батысқазақстандық ұжымды екінші құраммен өнер көрсетуі мүмкін деп болжаған-ды. Бірақ, бас бапкер үш ұпайдың маңызды екенін ескеріп, негізгі құрамды алаңға шығарды. Екі голды да алаң иелері бірінші таймда соқты. 32 минутта Маркос Пизеллидің бұрыштамадан асырған добын Роберт Арзуманян «Тараз» қақпасына тоғытты. Араға 10 минут сала Марат Хайруллин есепті еселей түсті. Бұл жолы да Жасур Нарзикулов өз иелігін қорғап қала алмады. Екінші таймда екі клубта да есепке өзгеріс енгізетін сәттер болған. Бірақ, нәтижеге айналған жоқ. Осылайша «Ақтөбе» мен «Тараз» ел біріншілігінің бірінші айналымын аяқтады. Ал қалған клубтар ертең жарыс жолына шығатын болады. 3 тамыз, ХХІІ тур 16:30. "Шахтер" (Қарағанды) - "Ертіс" (Павлодар) 18:00. "Атырау" (Атырау) - "Қайрат" (Алматы) 18:00. "Жетісу" (Талдықорған) - "Астана" (Астана) 18:00. "Ордабасы" (Шымкент) - "Қайсар" (Қызылорда) 18:00. "Спартак" (Семей) - "Тобыл" (Қостанай) № Командалар Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Голдар Ұпай 1 Ақтөбе 22 12 7 3 34-17 43 2 Қайрат 21 12 3 6 38-20 39 3 Астана 21 10 8 3 34-17 38 4 Шахтер 21 11 2 8 31-25 35 5 Ордабасы 21 9 5 7 22-21 32 6 Қайсар 21 8 8 5 22-21 32 7 Жетісу 21 7 5 9 15-18 26 8 Тобыл 21 6 8 7 21-27 26 9 Атырау 21 6 6 9 19-24 24 10 Ертіс 21 6 5 10 26-33 23 11 Тараз 22 5 4 13 21-34 19 12 Спартак 21 2 5 14 14-40 11 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×