«Шахтер» мен «Астана» УЕФА рейтингісінде көтерілді

03.08.2014, 01:28
«Шахтер» мен «Астана» УЕФА рейтингісінде көтерілді
Қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» УЕФА рейтингісінде бірнеше сатыға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz. «Шахтер» ойыншылары Еуропа Лигасының 3-ші кезеңіндегі алғашқы ойында хорватиялық «Хайдук» командасын ұтып, енді рейтингте 208-ші орынды иеленеді. Ал, бірінші кездесуде швециялық «АИК» командасымен тең түскен «Астана» бұл рейтингте 4 сатыға жоғарылап, 327-ші орынға көтерілді. Чемпиондар Лигасының 3-ші кезеңіндегі алғашқы ойынында хорватиялық «Стяуа» командасымен 2:2 есебімен тең ойнаған Қазақстанның чемпионы «Ақтөбе» 172-ші орында. kazsporttv.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×