"Ақтөбе" мен "Ордабасы" келесі кезеңге өтті

13.07.2012, 12:06
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" келесі кезеңге өтті

Аталған екі командамыз Еуропа лигасының келесі кезеңіне өтті. Ал үшінші ұжымымыз "Жетісу" кеше Талдықорғанда "Лех" командасымен тең түсіп, келесі айналымға шыға алмады. Енді 17 шілде күні сырт алаңда Чемпиондар лигасының аясында "Шахтер" командасы кездесу өткізеді. "Слован" деп аталатын команда Словакияның өткен жылғы чемпионы екен. Бұл команданы шабуылшылармен күшейіп алған қарағандылықтар ұтуы тиіс деп ойлаймыз. 

Ал одан кейін 19 күні Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі басталмақ. Молдованың "Милисами" командасына "Ақтөбе" қарсы тұрса, Норвегияның "Руссенборг" командасына "Ордабасы" қарсы шығатын болады. Екі кездесуде сыртта өтеді. Бұл біздің клубтарымыз үшін жақсы. Дегенмен, шымкенттік клібқа "Руссенборгтың" түсіп қалған өкінішті. Тәжірибиелі Тронхеимнің командасын жеңу оңай болмас. Ал, "Ақтөбе" міндетті түрде бұл қарсыласты жеңуі керек.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×