«Ақтөбе» мен Жамбыл

04.05.2011, 22:57
«Ақтөбе» мен Жамбыл
Өткен турда өз алаңында «Жетісумен» әзерге тең түскен «Ақтөбеден» жанкүйерлер жексенбі күні жеңіс күткені анық еді. Бұл үміт тіпті де ақталмады. Бұдан бұрынғы турларда, мысалы, көрші облыста «Атыраудан», Шымкентте «Ордабасыдан» жеңіле салған қарағандылық «Шахтер» біздің командамызды жер соқтырды. Ойынның 57-минутында Жамбыл Көкеев соққан голға еш жауап қайтара алмадық. Сөйтіп төртінші орынға түсіп қалдық. Ал үшінші орынға тап «Ақтөбе» тәрізді 16 ұпай жинаған осы «Шахтер» шыға келді. Астаналық «Локомотив» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» жеңетіндігіне күмән келтіргендер жоқ та болған шығар. Солай болды да. Бұл матчта әзірге турнир барысындағы ең жоғары нәтиже тіркелді — 5:1. «Локомотив» сондай-ақ ең ірі есепті жеңістің де тағы бір иесі болды. Оған қоса, әрине, 19 ұпай жинап көш басына шыға келді. Өз алаңында Павлодардан келген «Ертіс» командасын қабылдаған талдықорғандық «Жетісу» 1:1 есебімен қанағаттанып, 17 ұпай жинап, көшбасылықтан екінші орынға түсті. Ал ұпай санын 13-ке жеткізген «Ертіс» өткен турдан соңғы бесінші орнын сақтап қалды. Шымкентте «Ордабасы» «Қайратты» ұтты — 2:0. Сөйтіп 12 ұпай жинады, бір саты ілгерілеп, алтыншы орынды меншіктеді. Қостанайда «Тобыл» мен «Атырау» арасындағы матчта есеп ашылған жоқ — 0:0. Бұдан соң «Тобыл» бір саты төмендеді, 11 ұпаймен жетінші орынға түсті. Ал 9 ұпайы бар «Атырау» өткен жолғы сегізінші орнын қанағат тұтты. Премьер-лиганың бұл 8-турында «Тараздың» бағы жанды. Өз алаңында «Востокты» 3:1 есебімен ұтқан бұл команда 6 ұпай жинап, ең соңғы 12-орыннан дереу тоғызыншы орынға шыға келді. Әрі ұтылған, әрі 6 ұпайына ештеңе қоспаған өскемендік «Восток» турнир бағанындағы орнын «Таразға» беріп, өзі оныншы орынға жылжыды. 6,7-турлардан бері ұпай сандары (5 ұпай) өзгермеген екі команда көш соңында, он бірінші, он екінші орындарда салпақтап келеді: «Қайрат» және «Қайсар». Мергендер көшін 6 голмен бастап келе жатқан Марат Хайруллинді («Ақтөбе») ешкім қуып жете қойған жоқ. Одан кейінгі орындарда 4 доптан соққан Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы») пен Таңат Нөсербаев («Локомотив») келе жатыр. Қарсыластар қақпасына ең көп гол соққандар — «Локомотив» пен «Ертіс». Екеуінің еншісінде 14 доптан бар. Ал «Қайсар» ең көп гол жіберіп алған команда — 18 доп. «Ақтөбе» қарсыластар қақпасына 11 гол соғып, өз қақпасына 4 доп қана өткізіп алды. Келесі матчтар 30 сәуір, сенбі күні өтеді. Бұл турда «Ақтөбе» Өскеменде «Востокпен» кездеседі. Сол күні біздің жанкүйерлердің қызығушылығын туғызатын басқа матчтар да жоқ емес: «Шахтер» — «Жетісу», «Атырау» — «Локомотив», «Ертіс» — «Тобыл», «Қайсар» — «Ордабасы», «Қайрат» — «Тараз». Е.АҚАТҰЛЫ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.375
Ничья
5.34
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.976
Ничья
3.91
П2
3.785
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.978
Ничья
3.875
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.508
Ничья
4.89
П2
6.31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.18
Ничья
3.605
П2
2.302
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.485
Ничья
3.875
П2
1.836
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.078
Ничья
15
П2
31
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.147
Ничья
9.45
П2
20
Aladop Youtube
×