«ЕРТIС» ЕРЛЕДI

04.05.2011, 23:45
«ЕРТIС» ЕРЛЕДI
Футболдан ел біріншілігінің 9-турында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында Қостанайдың «Тобыл» командасын қабылдап, 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша, өз жанкүйерлерін қуантқан жерлестеріміз турнир кестесіндегі орнын сақтап қалды. Е.ҚЫЗДАРБЕК Тартысты өткен кездесуде Талғат Байсуфинов шәкірттері бабында екендерін дәлелдеді. Төрешінің ысқырығы естілісімен шабуылға лап қойған «тобылдықтар» ойынның небары екінші минутында есеп ашты. Оң қапталдан асырылған допқа бірінші болып жеткен Кислицын командаластарының ықыласына бөленді. Араға үш минут салып қостанайлық футболшылар есепті еселей түсті. Бұл жолы Юрин мергендігімен танылды. Жергілікті ойыншылар намысқа тырысып, кездесудің 8-ші минутында есеп айырмасын қысқарта алды. Сергиенконың айып алаңына асырған добын шабуылшы Даскалов ұтымды пайдалана білді. Ойынның алғашқы жартысында қос команда да алма-кезек шабуылдар ұйымдастырды. Әсіресе, павлодарлықтардың жеңіске деген құштарлықтарын ерекше атап өткен жөн. Кездесудің екінші кезеңі де ойыншылардың белсенділігімен басталды. 75-минутта «Ертістің» малилік легионері Мамуту Кулибали есепті теңестірді. Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, бас төреші қосымша үш минут қосты. Қосымша уақыттың соңғы минутында павлодарлық клубтың шабуылшысы Анатолий Дорош есепті 3:2-ге жеткізіп, «Ертіске» жеңіс сыйлады. Біріншіліктегі мықты командалардың бірін айналып өткен «Ертіс» 16 ұпаймен турнир кестесінің бесінші сатысында келеді. Біріншіліктің 9-турында көпшілік күтпеген нәтижелер орын алды. «Шахтер» мен «Жетісу» (3:3), «Атырау» мен «Локомотив» (0:0) және «Восток» пен «Ақтөбе» (0:0) командалары өзара ұпай бөлісті. Шымкенттік «Ордабасы» сырт алаңда «Қайсарды» ұтса (1:2), «Қайрат» 1:0 есебімен «Тараздан» басым түсті. Мергендер көшін 6 доп соққан «ақтөбелік» Марат Хайруллин бастап келеді. Жерлесіміз Анатолий Дороштың қоржынында төрт доп бар. Ал 3 доп еншілеген Глеб Мальцев мықтылар қатарынан орын тепті. 9-тур ойындарынан кейінгі турнир кестесі келесідей.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
«Ақтөбе» мен Жамбыл
Серіктес жаңалықтары
×