«Барселона» Чемпиондар лигасының финалына шықты

04.05.2011, 22:53
«Барселона» Чемпиондар лигасының финалына шықты
БАРСЕЛОНА. Испаниялық “Барселона” УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шықты. Қарымта ойында каталондық клуб мадридтік «Реалмен» тең ойнады. Ойын 1:1 есебiмен аяқталды. «Барселона» құрамында Педро Родригес көзге түссе, «Реалдан» бразилиялық қорғаушы Марсело гол соқты, деп хабарлайды “Лента.ру”. Барселонадағы “Камп Ноу” стадионында өткен кездесудің алғашқы таймында командалар бірде-бір гол соқпай тарқады. 47-ші минутта «Реал» ойыншысы Гонсало Игуаин каталондықтардың қақпасын дәл көздеді, алайда жартылай қорғаушы Криштиану Роналдо тарапынан болған ереже бұзушылықтың салдарынан гол есепке алынбады. Андрес Иньестадан доп алған Педро 55 минутта «Барселонаны» алға шығарды. 64 минутта Анхеля Ди Марияның пасынан кейін Марсело қақпадан саңылау тапты, бірақ “Реалдың” бұдан басқаға шамасы келмеді. “Барселона” алғашқы ойында жеңіске жеткендіктен, финалға шықты. http://www.bnews.kz/kz/100/barselona-vyshla-v-final-ligi-chempionov/
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×