Қазақстандық клубтардың қарсыластары белгілі болмақ

04.05.2011, 17:38
Қазақстандық клубтардың қарсыластары белгілі болмақ
2011/2012 жылы еурокубоктарда ойнайтын Қазақстанның командалары қарсыластарын 20 маусым күні білетін болады. Былтырғы ел біріншілігінің жеңімпазы қостанайлық «Тобыл» чемпиондар лигасының 2-іріктеу кезеңінен бастаса, күміс және қола жүлдені қоржынға басқан «Ақтөбе» мен «Ертіс» Еуропа лигасының алғашқы айналымынан-ақ жарысқа түседі. Ел кубогінің иегері астаналық «Локомотивтің» Еуропа жарыстарына қатысу қатыспауы әлі де белгісіз жағдайда қалуда. УЕФА ережесіне сәйкес Еуропалық додаларда бағын сынау үшін клубтың кемінде 3 жылдық тарихы болуы шарт. «Локомотив» клубының 2009 жылы құрылғанын ескерсек, клубтың алдағы Еуро-жорыққа қатысуы неғайбыл. Ал, олардың орнын қарағандылық «Шахтер» клубы басуы әбден мүмкін.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×