KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, 32 жастағы қазақстандық қорғаушы Юрий Логвиненко мен 30 жастағы литвалық жартылай қорғаушы Артурас Жулпа "Ақтөбе" клубымен келісім-шарт жасасуға жақын.
Екі футболшы да өздерінің соңғы командаларында орын таба алмады және еркін агент ретінде Қазақстанның бес дүркін чемпионымен келісім жасаспақ.
Юрий Логвиненко - дәл осы "Ақтөбенің" тәрбиеленушісі, ол бұл клубта 2016 жылы "Астанаға" ауысқанға дейін ойнады. Жалпы "Ақтөбе" сапында 296 матч өткізіп, 16 гол соқты. Ағымдағы жылдың қаңтарында ол "Ротор" клубымен келісім-шартқа отырды, бірақ жарақатына байланысты жаңа клубында дебют жасай алмады, ол наурыз айының соңында өзара мәміле бойынша келісім-шартты бұзды.
Артурас Жулпа Қазақстан Премьер-лигасындағы дебютін 2015 жылдың 7 наурызында "Ақтөбе" ойыншысы ретінде, дәлірек айтсақ, "Атырау" (1:1) клубымен болған матчта жасады. Жалпы ол "Ақтөбе" жейдесінде 30 матч өткізді. Сонымен қатар ол "Тобылда" (107 матч, 6 гол) және "Жетісуда" (13 матч, 1 гол) өнер көрсетті. Литвалық жартылай қорғаушының соңғы командасы италиялық "Сиера" болды, Жулпа ол клубта 2021 жылдың қаңтарынан наурызына дейін доп тепті (1 матч).
Біздің серіктес: FONBET