«Ақтөбе» жартылай финалда

02.10.2012, 01:43
«Ақтөбе» жартылай финалда

        Қазақстан кубогының 1/4 финалының шешуші кездесуінде  «Ақтөбе» командасы шымкенттік «Ордабасыны» жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Естеріңізде болса осыған дейін  «Ертіс», «Астана», «Шахтер» командалары жартылай финалға шыққан болатын.

    Өткен маусымдағы ел кубогының иегері атанған шымкенттің «Ордабасы» командасы бұл маусымда ширек финалдан ары аса алмады. Өз алаңындағы шешуші кездесудегі ойында «Ақтөбеге» есе жіберді. Алғашқы таймда жергілікті команданың гол соғуға бір емес, бірнеше мүмкіндіктері болды. Алайда мүлт кетумен ғана шектелсе, енді бірде қақпашы Сидельниковтан айласын асыра алмады. Екінші таймда қос команда сапында да еш өзгеріс орын алмады. Ойынның 49 минутында шымкенттік команда сапынан Арури дөрекі ойнағаны үшін матчтағы екінші сары қағазын иеленіп, алаңнан қуылды. Бұл мүмкіндік қонақтардың қарқынды шабуылдарына жол ашты. «Ақтөбе» дегеніне ойынның 84 минутында жетті. Матч тағдырын шешкен голдың авторы – Марат Хайруллин болды.   Ордабасы – Ақтөбе 0:1 (0:0) Гол: Хайруллин 84 Ескертулер: Арури 25, Трайкович 77 - Логвиненко 21, Смаков 27, Гейнрих 83, уат 90+2 Алаңнан қуылды: Арури 49 Бірінші ойын: 0:0                                  «Шахтер» — «Жетісу» 1:0 (1:0) Гол: Габышев 2 (1:0) Бірінші ойын: 1:1. «Тобыл» — «Ертіс» 1:0 (0:0) Гол: Йованович 72 (1:0) Бірінші ойын: 0:3. «Астана» — «Қайсар» 4:1 (2:0) Гол: Остапенко 15 (1:0), Кетевоама 43 (2:0), Пархачев 55 (2:1), Кояшевич 77 (3:1), Кояшевич 81 (4:1) Бірінші ойын: 0:1.   Қазақстан Республикасы кубогы жартылай финалының жеребесі 2012 жылдың 12 қазанында тартылады.  

Өмірбек САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×