Өзбек футболының жүзжылдығы

02.10.2012, 02:25
Өзбек футболының жүзжылдығы

       Жұма күні Ташкент қаласында жаңа стадион ашылады. Бұл өзбек футболының жүзжылдығына орай арнайы салынған еуропалық стандарттарға сай стадион. Бұл «Бунедкор» деп аталатын стадионның ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Ислам Каримов келеді деп күтілуде.

 Ташкент қаласында салынған стадионның ашылу салтанатынан кейін, елдің басты командалары «Пахтакор» мен «Бунедкор» арасында 50 минуттық матч өтеді. Ойын аяқталғаннан кейін өзбек эстрадасының ән-шашу кешіне жалғаспақ. Негізінен өзбек футболының тарихы ХХ ғасыр басынан бастау алады. Футбол федерациясының мәліметі бойынша 1912 жылы құрылған. Дәл осы жылы Фергана мен Қоқанда футбол командалары жасақталған. Одан кейін Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларының футбол ұжымдары құрылған екен. «Бунедкор» стадионының құрылысы 2010 жылы басталған екен. 34000 жанкүйерге арналған стадион ФИФА-ның барлық талаптарына сай салынған.  

Өмірбек САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
«Ақтөбе» жартылай финалда
Келесі жаңалық
Тағы да «Тобыл»...
Серіктес жаңалықтары
×