Тағы да «Тобыл»...

02.10.2012, 19:23
Тағы да «Тобыл»...

  

          Қазақстан Республикасы кубогы жолындағы ширек финал ойындарының қарымта кездесуінен кейін тағы да бір шу шықты. Даудың басында – тағы да «Тобыл»... Ширек финалда қостанайлық ұжым өз алаңында «Ертіске» қарсы қарымта кездесу өткізген болатын. Сол шешуші ойында команда сапында алаңға шығуға рұқсаты жоқ ойыншы өнер көрсеткен.

 

Ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Ертіс» қостанайлық команданы өз алаңында 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, жартылай финалға берілер жолдаманы алуды ертерек ойластырған болатын. Ал осы матчтың қарымта кездесуінде «Тобыл» сапында кубоктык турнирде екі рет ескерту алған Сергей Костюк өнер көрсетті. Регламент бойынша бұл ойыншы алаңға шығуға құқығы жоқ болатын. Осы ойында жергілікті команда бір доп айырмасымен жеңіске жетті. Осы мәселе жайлы ҚФФ жақын күндері мәжіліс өткізуі тиіс. Бұл қателік қостанайлық командаға 3:0 есебімен техникалық жеңіліс сыйлауы да ғажап емес...

                                                                                                                                                                                                                       Өмірбек САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×