Қазақстанның вице-чемпиондары «Ақтөбе» замбиялық Лубамбо Мусондоны қатарына қосуы ықтимал.
Мұндай ақпаратты «Ақтөбе» жанкүйерлерінің «Вконтакте» желісіндегі ресми парақшасы мәлім етті. Мусонда – жартылай қорғаушы, Замбия ұлттық құрамасының ойыншысы. Реті келсе шабуылда да ойнай алады. «Ақтөбе» мен Лубамбо үш жылдық келісім-шартқа отырады.
Мусонда бүгінде армениялық «Уллис» командасының намысын қорғайды. Трансферлік бағасы – 174 мың доллар.