0:1. «Шахтер», «Тобыл» және «Қайсар» жеңіліс тапты

09.02.2015, 23:26
0:1. «Шахтер», «Тобыл» және «Қайсар» жеңіліс тапты
Түркия төрінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп, маусымға дайындалып жатқан қазақстандық бірқатар клубтар соңғы жолдастық кездесулерін өткізді. Қарағандылық «Шахтер» «Дунауйварош ПАСЕ» клубымен, «Тобыл» «Арсеналмен», «Қайсар» «Хасково-2009» командасымен күш сынасты. Қызылордалықтар үшін соңғы кездесу сәтсіз аяқталды. Болгариялық ұжымға қарсы матчта есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болған. Алайда оның біреуін де пайдалана алмады. «Хасково-2009» ойыншылары бір гол соғып, жеңіс жұлып әкетті. Енді Дмитрий огай шәкірттері ертең Отанға оралады. Ал қостанайлық «Тобыл» «Арсеналдың» күшін байқап көрді. Лондондық емес, әрине, тулалық. Бұл кездесуде де жалғыз гол матчтың тағдырын шешіп кетті. Смирнов соққан голдың арқасында ресейлік ұжым жеңіске жетті. Бұл Вардан Минасян шәкірттерінің жиындардағы жетінші кездесуі болатын. Қарағандылықтар венгриялық ұжыммен кездескенін жоғарыда айтқан болатынбыз. Бір қызығы, Владимир Чебурин шәкірттері «Дунауйварон ПАСЕ» футболшыларынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл «кеншілердің» жиындағы соққы матчы еді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×