Кот-д'Ивуар – Қара құрлықтың үздік командасы

09.02.2015, 23:15
Кот-д'Ивуар – Қара құрлықтың үздік командасы
Кот-д'Ивуар құрамасы Африка ұлттары кубогының финалында Гана командасымен күш сынасып, пенальти сериясында жеңіске жетті. Осылайша ивуарлар 1992 жылдан бері алғаш рет Қара құрлықта топ жарып отыр. Сол жылы да Гана құрамасын тізе бүктірген болатын Кот-д'Ивуар. Енді араға бақандай 23 жыл салып кубокты көкке көтеріп отыр. Матчта қос қарсыластың да көзге түсетін мүмкіндігі болған, алайда ивуарлар да, ганалықтар да мүлт кетіп жатты. Негізгі уақытта есеп ашылмағасын овертаймға жүгіндік. 30 митнуттық қосымша уақыт та жеңімпазды анықтап берген жоқ. Ендігі кезек футбол лотереясында еді. Ал пенальти сериясы Гана құрамасы үшін өте сәтті басталды. Алғашқы екі соққысын голға айналдыра алды, әрі қарсыластарына өз мүмкіндіктерін мүлт жіберді. Жеңістің ауылы жақын қалған еді ганалықтарға. Кот-д'Ивуар ойыншылары да ер екен. Салын суға кетірмей, қарсыласын қуып жетті. Ақыр аяғында 9.8 есебімен басым түсті. Жеңіс голын қақпашы Барри алып келді. Африка кубогы. Финал Кот-д'Ивуар – Гана – 0:0. (Пенальти – 9:8) Пенальти сериясы: Вакасо – 0:1. Бони – 0:1 (маңдайша). Дж. Айю – 0:2. Талло – 0:2 (қиыс). Акуа – 0:2 (қақпашы). Орье – 1:2. Ачимпонг – 1:2 (қиыс). Думбья – 2:2. А. Айю – 2:3. Я. Туре – 3:3. Дж-н. Менса – 3:4. Калу – 4:4. Агьеманг-Баду – 4:5. К. Туре – 5:5. Аффул – 5:6. Канон – 6:6. Баба – 6:7. Байи – 7:7. Бой – 7:8. Дье – 8:8. Разак – 8:8 (қақпашы). Барри – 9:8. Кот-д'Ивуар: Барри, Орье, Туре, Канон, Байи, Тьене (Калу, 116), Градель (Думбья, 67), Туре, Дье, Жервинью (Талло, 120+2), Бони. Гана: Разак, Аффул, Бой, Менса, Баба, Атсу (Ачимпонг, 116), Акуа, Вакасо, Айю, Аппиа (Айю, 99), Гьян (Агьеманг-Баду, 120+1). Ескертулер: Дье, 14. Тьене, 57. Канон, 87. Байи, 105+1. Төреші: Гассама (Гамбия). 8 ақпан. Бата. «Бата Стэдиум» стадионы       
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×