Ақтөбелік футболшылар Черногория чемпионатының үздік үштігіне кіретін

08.02.2012, 01:10
Ақтөбелік футболшылар Черногория чемпионатының үздік үштігіне кіретін
  Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Ақтөбе" кеше Черногорияның Плевля қаласының "Рудар" командасымен жолдастық кездесу өткізді. 2010/2011 жылғы маусымда ел чемпионы, ал биылғі маусымда үздік үштіктің қатарында келе жатқан плевлялықтар ақтөбеліктердің қақпасынан саңылау таба алмады. Кездесудің екінші жартысында Юрий Логвиненко ашқан есеп, ойынның соңына дейін өзгерусіз қалды. 29 қаңтарда басталған бұл жиын 12 ақпанға дейін созылмақ. Онда ақтөбеліктер 3 ақпанда Ресейдің Бірінші лигасында өнер көрсететін Владивостоктың "Луч" командасымен  2:2 есебімен тең түскен еді. Енді 8 ақпанда Бірінші лигадағы тағы бір ресейлік   клубпен күш сынаспақ. Ол Воронеждің "Факелі"болғалы отыр. Одан кейін  11 ақпанда  Хорватияның Сплит қаласының "Раднички" командасымен болатын кездесумен бұл жиынды аяқтамақшы. http://www.inform.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×