Қостанайлық футболшылар Румынияның "Газ Метан" командасымен жолдастық кездесу өткізеді

08.02.2012, 01:10
Қостанайлық футболшылар Румынияның "Газ Метан" командасымен жолдастық кездесу өткізеді
  Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың "Тобылы" Медиаш қаласының "Газ Метан" командасымен жолдастық кездесу өткізеді.  Румындықтардың 1945 жылы құрылған бұл командасы Бірінші лигада  2010/2011 жылғы маусымда 7-орын алған болатын.

Сергей Масленов жаттықтыратын қостанайлықтар 3 ақпанда Чехияның Градец-Кралове қаласының «Градец-Крылова» командасын ұтқан болатын. Онда алдымен ойынның екінші жартысында Бауыржан Жолшиев есеп ашты.  11 метрлік айып добын мүлт жібермеген  Менсур Куртиши оны 2:0-ге жеткізді. Жалпы "Тобылдың" Белектегі екінші оқу-жаттығу жиыны 31 қаңтарда басталған болатын. Ол 14 ақпанға дейін жалғаспақ. Мерзім аяқталысымен команда Қостанайға оралады. http://www.inform.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×