«Қайрат» футбол клубы хорватиялық жартылай қорғаушы Йосип Кнежевичпен келісімшарт жасасты

08.02.2012, 01:11
«Қайрат» футбол клубы хорватиялық жартылай қорғаушы Йосип Кнежевичпен келісімшарт жасасты
  Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан алматылық «Қайрат» футбол клубының құрамы хорватиялық легионермен толықты. Өткен маусымда Ресейдің «Амкаре» футбол клубында өнер көрсеткен 23 жастағы жартылай қорғаушы  Йосип Кнежевич «Қайратқа» жалға алу шартымен қосылып отыр. Келісімшарт биылғы маусымға дейін және одан әрі сатып алу құқымен жасалды. 1988 жылы 3 қарашада Осиек қаласында өмірге келген бұл футболшы спорттағы мансабын «Осиек» жастар клубында бастаған болатын. Одан кейін кәсіби келісімшартпен ересектер арасында 2 жыл өнер көрсеткен соң, Ресейдің «Амкар» клубына ауысып, 4 жылға келісімшарт жасасқан еді. Онда 2 жыл бойы негізгі құрамнан орын таба алмаған легионерді 2011 жылдың аяғында «Амкаре» трансфертқа шығарды. Ресей чемпионатында 20 матч, Ресей кубогында 2 матч өткізген ол, Хорватияның жастар құрамасында 13 матч өткізіп, 1 доп соқты. http://www.inform.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×