«Қайрат» футбол клубының құрамы тағы бір легионермен толықты

08.02.2012, 01:12
«Қайрат» футбол клубының құрамы тағы бір легионермен толықты
  Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізу кезінде «Қайрат» футбол клубы испандық Альберто Эредиямен келісімшарт жасады. Реал Мадрид футбол клубының 25 жастағы тәрбиеленушісі үлкен спорттағы алғашқы қадамын Севилье Атлетико командасынан бастаған болатын. Бұған дейін ол Реал Мадридтің жасөсіпірімдер командасында жаттықты. 2006-2007 жылдары  Севилье Атлетикада 3 матч, 2007-2008 жылдары Бургоста - 15, 2001-2008 жылдары Марвеллада - 11, 2008-2009 жылдары Санта Эулаллада - 33 2009-2010 жылдары Терессада - 18 матч өткізді. 2010-2011 жылдары Гетафеде негізгі құрамнан орны таба алмай, 2011-2012 жылдары S.S. Chieti Calcio-дада 4 матч өткізді. А.Эредия бүгін Дмитрий Огай жаттықтыратын алматылық клубтың  сапына қосылған 3-інші легионер болып отыр. Бұған дейін мұндай құрметке хорватиялық жартылай қорғаушы Йосип Кнежевич пен түркиялық Бурау Акйылдыз ие болған еді. http://www.inform.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×