«Ақтөбенің» экс-бапкері белоруссиялық клубты тізгіндеді

22.09.2021, 01:23
«Ақтөбе» осы маусымды Баганың жетекшілігімен бастаған еді.
«Ақтөбенің» экс-бапкері белоруссиялық клубты тізгіндеді

40 жастағы белоруссиялық маман Алексей Бага «Шахтер Солигорск» клубының бас бапкері атанды.

Бага жаттықтырушылық мансабын 2011 жылы БАТЭ клубының жаттықтырушылар штабының мүшесі ретінде бастады. 2018 жылы команданы бас бапкер ретінде қабылдады. Ал 2020 жылы «Жальгиристі» жаттықтырды.

Естеріңізге сала кетейік, Алексей Бага «Ақтөбені» осы маусымның басында тізгіндеген болатын. «Ақтөбе» Баганың басшылығымен 9 матч өткізіп, екеуінде жеңіске жетті, үш мәрте тең ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×