"Ақтөбенің" құрамы екі ойыншымен толықты

02.03.2013, 01:10
"Ақтөбенің"  құрамы  екі  ойыншымен  толықты
300671577Екі футболшы да "Ақтөбенің" соңғы жиынына қатысып, жақсы жақтарымен көзге түсті. Сөйтіп Түркияда өткен жиыннан соң бұл футболшылардың шеберліктеріне күмәндары қалмаған бапкерлер кеңесі екеуімен де екі жылдық келісімшартқа отырды. Қорғаушылар Роберт Арзуманян мен Алексей Мулдаров жаңа маусымнан бастап «Ақтөбе» футбол клубының намысын қорғайды. Екі футболшы да "Ақтөбенің" соңғы жиынына қатысып, жақсы жақтарымен көзге түсті. Сөйтіп Түркияда өткен жиыннан соң бұл футболшылардың шеберліктеріне күмәндары қалмаған бапкерлер кеңесі екеуімен де екі жылдық келісімшартқа отырды. Арзуманян Роберт Норайрович 1985 жылдың 24 шілдесінде Армения астанасы Ереванда дүниеге келген Бойы - 184 см Салмағы - 84 келі Алаңжағы орны – орталық қорғаушы Клубнтық карьерасы: 2002—2007 Пюник 87 (6) 2002—2005 Пюник-3 26 (1) 2003—2005 Пюник-2 22 (3) 2008—2011 Рандерс 34 (0) 2011—н. в. Ягеллония 11 (0) 2012—2013 СКА-Энергия 5 (2) 2013 жылдан бастап Ақтөбе Ұлттық құрама: 2003—2006 Армения (жастар.) 9 (2) 2005—жылдан бастап Армения (ұлттық құрама) 56 (4) Жетістіктерікомандалық: Армения чемпионы: 2003, 2004, 2005, 2006, 2007 Армения кубогының иегері: 2004 Армения кубогының финалисі: 2006 Армении суперкубогының иегері: 2004, 2005, 2007 Армения суперкубогының финалисі: 2003, 2006 Жеке жетістіктері: Жыл ашылуы: 2005 Үздік жас қорғаушы: 2005 Қызықты дерек: Өзінің ұлттық құрама сапындағы бірінші голын Арзуманян "Еуро-2008" іріктеу додасында Қазақстан қақпасына соққан. Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың 2 шілдесінде бұл футболшы Давид Лорияның қақпасынан саңылау тапқан болатын. Мулдаров Алексей АлексеевичМулдаров Алексей Алексеевич 1984 жылдың 24 сәуірінде Цхинвалиде дүниеге келген Бойы – 189 см Салмағы – 80 келі. Алаңдағы орны – қорғаушы Клубтық карьерасы: 2001—2005 Моздок 50 (1) 2005—2007 Краснодар-2000 66 (2) 2008 Губкин 34 (1) 2009—2013 Мордовия 98 (7) 2013 жылдан бастап Ақтөбе
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×