«Ақжайық» «Ботевпен» күш сынасады

04.02.2015, 20:11
«Ақжайық» «Ботевпен» күш сынасады
Оралдық «Ақжайықтың» Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындағы кезекті қарсыласы анықталды. Sportal.bg порталының ақпаратына сүйенсек, «Ақжайық» болгариялық «Ботев» клубымен кездеседі. Матч 6 ақпанға белгіленіп отыр. Естеріңізде болса, Станимир Стойлов жаттықтыратын «Ботев» 2013 жылы елордалық «Астананы» Еуропа лигасынан ұшырып жіберген болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×