Оралдық «Ақжайық» бразилиялық жартылай қорғаушы Рафаэль Сабиньо дос Сантоспен келісім-шарт жасасты.
Рафаэль - бразилиялық «Гремио» клубының түлегі. 25 жастағы футболшы 2014-2016 жылдар аралығында осы клубтың намысын қорғады. Ал соңғы төрт маусымды «Львов» клубында өткізді. Украиналық клуб жейдесінде 67 матчқа қатысып, 2 гол мен 2 голдық пастың авторы атанды.
Оралдық клуб 29 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Артур Газдановпен де келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Артур Газданов - мәскеулік ЦСКА-ның түлегі. Ресейде «Алания», «Волгарь», «КАМАЗ», «Авангард», «Тюмень» командаларында ойнаған. Жартылай қорғаушының соңғы клубы «Акрон» болды. Жалпы, жартылай қорғаушы мансабында 183 матч өткізіп, 24 гол соқты, 11 нәтижелі пас берді.