Арда Туран Англияға аттануы мүмкін

25.06.2015, 02:32
Арда Туран Англияға аттануы мүмкін
"Атлетиконың" жартылай қорғаушысы Арда Туран Тұманды Альбионда ойнағысы келеді.  Бұл туралы футболшының агенті хабарлады. Ахмет Булуттың айтуынша, Ағылшын Премьер-Лигасындағы бірнеше белді клубтардан ұсыныс бар көрінеді. Бірақ, дәл қай команда екені аталмай отыр.
"Туран жақын арада Испаниядан кету жайлы да ойлап жүр. Оған Ағылшын Премьер-Лигасы ұнайды. Қолымызда үш ұсыныс бар. Үшеуі де Англияның мықты клубтары"-деп мәлімдеді Булут.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×