Аргентина құрамасының қымбат ойыншылары

26.08.2013, 17:05
Аргентина құрамасының қымбат ойыншылары
Әлем чемпионатының бір дүркін чемпионы Аргентина құрамасы әлі күнге дейін талантты футболшыларды шығаруда. Олай дейтін себебіміз Латын Американдықтардың сапынан осы кезге дейін Леонель Месси, Диего Мараддонна секілді жұлдыз ойыншыларды шығаруда. Әрине аргентиналық талантты футболшыларды аз ақшамен бағалауға тура келмейді. Менің мәлімдегім келіп отқан тақырыпата Месси мен Мараддонна жоқ. Олай болса Аргентинаның ең қымбат футболшыларына зер салып кетсек.
Эрнан Креспо 2001 жылы италиялық "Пармадан" "Лациоға" 55 млн. еуроға ауысқан болатын. Осы италиялық "Парма" клубынан талай таланттар шыққан болатын. Міне солардың арасында аргентиналық Эрнан Креспода бар. Бір қызығы Эрнан Аргентина футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы екен. Эрнан римдік клубта бір жыл өнер көрсетіп, сосын 2002 жылы миландық "Интерге" 36 млн. еуроға ауысқан болатын. Осы күнге дейін Креспоның орнын ешкім баса қоймағаны қызық емеспе. Эрнан Креспо Аргентина құрамасымен талай белесті бағындырған болатын. Аргентина футболының аңыз ойыншыларының бірі. Серхио Агуэро 2012 жылы мадридтік "Атлетикодан" ағылшындық "Манчестер Ситиге" 45 млн. еуромен ауысқан болатын. Агуэро қазір "Манчестер Сити" клубының көшбашсы десекте болады. Агуэро мен Месси Аргентина құрамасының негізгі ойыншылары болып келеді. Серхионы "алтын допқа" лайықтылардың бірі десекте болады. Олай дейтін себебіміз команданы қиын сәттерде алып шыға алатын футболшылардың бірі. Тағы бір аргентиналықтардың сұрмергені Хуан Себастьян Верон 2002 жылы римдік "Лациодан" манкуниандық гранд клуб "Манчестер Юнайтедке" 42,6 млн. еуроға ауысқан болатын. Веронның бір жақсы жері алыстан қақпаға әдемі голдар салуымын ерекше болып келеді. Ағылшындық клубқа келерден бұрын 2000 жылы "Пармадан" "Лациоға" 30 млн. еуроға ауысқан болатын. Бар жоғы 2 жыл тер төккен Верон міне осылайша тағы клуб ауыстырған болатын. Бір қызығы Аргентиналық футболшылар команда ауыстыруға құмар секілді. Париждік "ПСЖ" клубына 2011 жылы италиялық "Палермо" командасынан 42 млн. еуроға келген аргентиналық жас футболшының бірі Хавьер Пасторе. Париждік клубқа келгеніне көп бола қоймаған Пасторе команданың хавбегі атанды. Хавьер қысқа пастармен жәнеде алыстан пастермен берумен ерекше. Осы жылғы маусымда Пасторенің "ПСЖ" клубына мол көмегін тигізіп жанкүйерлерге кеңінен таныла білді. Ал ұлттық құрамаға 2010 жылы ілініп бар жоғы 13 ойынға қатысқан екен. Мадридтік "Реалдан" неаполдық "Наполиға" ауысқанына көп бола қоймаған Гансало Игуаин осы тізімге еніп отыр. Оның трансферлік құны 37 млн. еуро екен. "Каролдік клубқа" 2007 жылы келген Игуаин осы кезге дейін 190 ойын өткізіп 107 гол тоғытыпты. Бір қызығы Гансалоның екі азаматтығы біреуі Франциялық болса, ал екіншісі өздеріңізге мәлім Аргентина азаматы. Негізінде Игуаин Францияның Брест қаласында 1987 жылы 10 қаңтарында туылған екен. 10 айлық кезінде Аргентинаға көшіп кеткен екен. Аргентина құрамасының талантты шабуылшыларының бірі. Тағы бір каталондық "Барселонаның" аргентиналық талантты футболшыларының бірі Хавьер Савиола .Хавьер Савиола аргентиналық "Ривер Плейт" командасынан каталондық "Барселона" клубына 2001 жылы 35,9 млн. еуроға бағаланып келген болатын. Савиола каталондық клубта 6 жыл бойы тер төккен болатын. Кейбір жанкүйерлерге беймалым футболшы болғанымен қатар Хавьер 2004-2006 жылдары "Монако", "Севилья" клубтарына жалға берілген болатын. Ал 2007 жылдан кейін "Реал"М,"Бенфика", "Малага" сынды командаларға ауысқан болатын. Осы жазғы трансферде гректің "Олимпиакос" командасына ауысқан екен. Савиоланың жарқын күндері "Барселонада" өткен болатын. Аргентинаның жас әрі, жақсы ойын мәнерімен жанкүйерлерге таныс Анхель Ди Мария мадридтік "Реалға" 2011 жылы лиссабондық "Бенфика" клубынан 33 млн. еуромен ауысқан болатын. Ди Мария соңғы кездері мадридтік клубта қосалқы құрамда қалып қоя беретін болды. Анхельдің команда ауыстыруы мүмкін екені туралы талай сыбыстар шықты. "Королдік клубта" көп ойынға шықпағанымен ұлттық құрамада ойыннан тыс қалмайтын болды. Ди Марияның жақсы жері жартылайқорғаныстың қай жерінде де болсын мықты ойнайды, әрі жылдамдығы мен техникасы мол футболшының бірі. Оңтүстік Американың бірнеше чемпионы Аргентина құрамасы соңғы жылдары әлемдік додаларда жарты жолда қалып қоя беретін болды.Аргентинадан әлі де талантты ойыншылар шығатытына жанкүйерлері кәміл сенеді. Өйткені Аргентина ұлттық құрамасы әлемдегі фаворит құраманың бірі. Кім біледі? Осы жаста талантты ойыншыларымен бірге Бразилиядағы үлкен доданы биікке бағындыруы да мүмкін. Саламат Оңалдықов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×