Англия чемпионатының шалдары

26.08.2013, 17:03
Англия чемпионатының шалдары
Еуропадағы аса танымал да, әлемдегі ең басты чемпионаттың бірі ол әрине- ағылшын премьер-лигасы. Англия чемпионатының ерекшеліктері басқа премьер-лигалардан өте өзгеше. Чемпионаттың өзінің ойын мәнері бар, бір қызығы премьер лигада төмен клуб фаворит клубты жеңіп кеткен жағдайлар көптеп кездеседе. Чемпионатта басқалардан гөрі көп қарт ойыншылар аладопты шүйірлете теуіп жүр. Міне ағылшын чемпионаты осынысымен ерекше болып келеді. Ендігі кезекті ағылшын премьер-лигасының қарт ойыншыларына көз қырын салып жіберсек. Брэд Фридель, 42 жаста. АҚШ-тың қарт ойыншысы қазірде 42 жаста, қазірде лондондық "Тоттенхэмнің" жәнеде ағылшын премьер-лигасының ең қарт қақпашысы десекте болады. 2011 жылы "Астон Вилладан" "Тоттенхэмге" қақпашы соңғы кездері француз Льористің көлеңкесінде қалып қойып жүр. Ал ұлттық құрамада 98 ойын көрсеткен болатын. Брэдтің әлі де қақпаға бағытталған соққыны қайтаруға қауқарлы. Фридельді жанкүйерлері "Супер-қарт" деп атайды. Марк Шварцер, 40 жаста. Ағылшындардың тағы бір қарт қақпашысы. Қазір Марк "Челсидің" қосалқы құрамында жүр. Чехтің көлеңкесінде қалып қойған Шварцер әлі күнге дейін "Ақсүйектің" негізгі құрамында ойнамаған. Сонау 1990 жылдан бері қақпаны қорғап келе жатқан голкипер Австралияның құрметті азаматы. Австралия құрамысында 108 матч өткізіп командасын алға сүйреушілердің бірі болды. Шварцердің сәтті ойындары лондондық "Фулхемдегі" кезінде туды. Маркты жанкүйерлер "Фулхэмде" жүргенде жақсы тани түскен болатын. Кевин Филлипс, 39 жаста. Енді ағылшынның төмен лигасынан премьер-лигаға ауысқан "Кристал Пэлас" командасының қарт шабуылшысы қазір 39 жаста. Кевиннің жақсы ойындары "Сандерлендте" жүргенде туды. "Кристал Пэластқа" 2013 жылы Блэкпулдан келген Филлипс бар жоғы 14 ойын өткізіп, 6 гол салыпты. Жанкүйерлері оны "Супер-Кев" дейді. Карло Нэш, 39 жаста. Карло Англияның Болнтон қаласында 1973 жылы туылған екен. Қазірде Нэш "Норвич Ситидің" қосалқы құрамында жүр. Нэш кезінде "Манчестер Сити", "Эвертон", "Сток Сити " командаларының қақпасын қорғаған болатын. Ұлттық құрамада ойын көрсетпеген екен, тіпті құрамаға ілінбепті. Райан Гиггз, 39 жаста. Райан сонау 1990 жылдардан бері "Манчестер Юнайтедтің" негізгі құрамынан түспей келе жатыр. Білсеңіздер Гиггздің жасыл алаңдағы орны шабуылдаушы жартылай қорғаушы екен. Ағылшын премьер-лигасының жауһары Гиггз манкуниандық клубпен 23 жыл болды. Жақында ғана Райан "Манчестер Юнайтедтің" бапкер-футболшысы атанды. Осы кезге дейін қарт футболшы "қызыл сойқандардың" қатарында 660 матч өткізіп 114 гол соққан. Ал Уэльстің ұлттық құрамасында бар жоғы 64 ойынға қатысып 12 гол салған. Райанның лақап аты "валлийлік сиқыршы" болып келеді. Гиггздің әлі талай белестерді бағындыруға күші көп. Гиггз "Манчестер Юнайтедтің" тірі аңыз футболшысы десекте болады. Стив Харпер, 38 жаста. Стив жақында ғана Англияның Чемпионшибінен Премьер-лигасына ауысқан "Халл Сити" командасының қақпашысы болып келеді. Харпер "Халл Сити" клубының қақпашысы қосалқы құрамда ойып тұрып орын алды. Олай дейтін себебіміз командада бірде-бір ойын көрсетпеген. Стиви ұлттық құрамаға мүлдем ілінбепті де. Харпердін жарқын күндері "Ньюкасл Юнайтедте" туды. Одан кейін дәрежесі төмен клубтарға барып көріне алмай. Міне "Халл Ситиден" бірақ шықты. Міне, осылар ағылшын чемпионатының қарт ойыншылары, қанша жасқа келседе футболды әлі күнге дейін серік етіп жүр. Бұл баяндамадағы дені қақпашылар болып келеді. Англия чемпионатында айтатын болсам қызық көп. Ағылшын премьер-лигасы әлемдегі үздік чемпионат десек артық болмас. Саламат Оңалдықов.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×