Футбол тарихындағы қымбат қақпашылар

26.08.2013, 16:59
Футбол тарихындағы қымбат қақпашылар

Футболда қақпашының орны бөлек жәнеде шабуылшы, қорғаушы, жартылайқорғаушының міндеті қиын болғанымен оданда қиыны қақпаны қорғау болып саналады. Футбол тарихында қаншама талантты қақпашылар болды. Қақпашының міндеті қақпаны голдан қорғап, керек кезде қақпа жанын орын табу осындай міндетті асқан табандылықпен орындап жүргендер қаншама. Енді футбол тарихындағы ең қымбат қақпашыларға көз жүгіртсек. Джанлуиджи Буффон, "Пармадан" 2002 жылы 54,2 млн. еуромен "Ювентуске" ауысқан Буффон қазірде әлемдегі үздік қақпашылардың бірі. "Ювентустың" тамыры болып саналатын Джанлуиджи команданы жәнеде Италия құрамасын алға сүйреп жүрген футболшылардың бірі. Мануэль Нойер, мюнхендік "Бавария" бұл қақпашыны 2012 жылы "Шальке" клубынан 27,5 млн. еуроға сатып алған болатын. Нойер әлі де жас әлемнің үздік қақпашысы болуға мүмкіндігі көп. Мануэльдің сейвтері адамды қызықтырмай қоймайды. Германия тарихындағы үздік қақпашының бірі. Франческо Тольдо, "Фиорентинадан" "Интерге" ауысқан Франческо алғашқы жылдарын сәтті ойын өрнегін көрсеткен болатын. Кейін бразилиялық голкипер Жулио Цезар келгесін қосалқы құрамда қалып қойған болатын. Ол миландық клубқа 26,5 млн. еуромен келген болатын. Себастьян Фрей, 2004 жылы "Интерден" "Пармаға" 21 млн. еуроға келген болатын. Фрей Италия біріншілінде жақсы қырларын көрсетіп сол кездегі үздік қақпашылардың бірі болды. Давид Де Хеа, мадридтік "Атлетикодан" "Манчестер Юнайтедке" 20 млн. еуроға келген болатын. Жақында еуропаның жастар арасындағы чемпион атанып үздік жас қақпашы болғаны өздеріңізге мәлім. Давидті Икер Касильястің ізбасары десекте болады. Де Хеа бір сөзінде мен "МЮ-тің" Шмейхель, Ван Дер Сар секілді үздік атансам дегені бар. Анжело Перуцци, "Ювентустен" "Интерге" 2000 жылы 19 млн. еуромен ауысып бір жыл миландық клубта тер төгіп. Одан кейін 2001 жылы "Лациоға" 17,9 млн. еуро ауысқан болатын. Бұл қақпашы біздерге беймәлім футболшының бірі десекте болады. Петр Чех, франсуздық "Ренн" клубынан 2005 жылы 13 млн. еуромен бағаланып "Челси" қатарына қосылған болатын. Петр Чехияның бірнеше дүркін ең үздік футболшысы атанып Чехия футбол тарихында алтын әріппен қалатыны белгілі. Чехті танымайтын жанкүйер жоқтың қасы. Уго Льорис, Францияның алпауытты клубтарының бірі "Лионнан" былтыр "Тоттенхэмге" 12,6 млн. еуромен ауысып осы маусымда бас бапкердің ықыласына көп бөленген болатын. Қазірде Льорис "Тауықтардың" сапында жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Саламат Оңалдықов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×