Франция құрамасының үздік форвардттары

26.08.2013, 16:58
Франция құрамасының үздік форвардттары

Францияның аты шулы көшелері, шараптары, әтірлері, сән алеміндегі алатын орны , бұның бәрі жай ғана француз халқының қазіргі тыныс тіршілігі. Ал футбол десе "ішкен асын жерге қоятын" француздардан қаншама таланттар шықты десеңізші. Бұл таланттарды тек француз жұрты құрметтемейді, әлем болып Франция футболшыларының ойынына тәнті болатын едік. Ауылда, қалада тақырбас баланы көрсек болды Зидан деп мазақтайтынымыз жалған емес. Ал қазір ше бұрынғыдай Франция құрамасы фаворит болудан қалды, қазіргі құрамаға әлем, еуропа додаларында жарты жолға жетудің өзі мақсат секілді. Ендігі кезекті ХХІ ғасырдың басында әлемді аузына қаратқан, одан кейінгі жылдардағы Франция құрамасының болашағы саналған форвардтарына зер салып кетсек.

Тьерри Анри- ХХІ ғасырдағы Франция құрамасының мықты футболшысы, әрі ағылшын премьер-лигасының сұрмергені атанған форварды. Анри "Арсенал" үшін аңыз ойыншы команданы 1999-2006 жылдары талай белестерге жеткізген атақты футболшы. Сол кездері "зеңбірекшілерді" Анрисіз елестету мүмкін болмады. 2006 жылы "Арсеналды" Чемпиондар Лигасының финалына дейін жеткізген Тьерри "Барселонадан" жеңіліп қалған едi. Ал ойыннан кейінгі жағдайда Анри "Арсеналдан" жырақ кетуі оңай болған секілді. Өйткені финалда католондық клубтан жеңілген командаға ауысуы жанкүйерлерге де, "Арсеналға" да ауыр тиді. Бұл тақырыпты қоя тұрып құрамаға оралсақ. Құрамада 123 ойынға қатысып 51 гол ұрған Анри команданы талай жетістіктерге жеткізген футболшының бірі. 1998 жылы әлем чемпионы атанса, 2006 жылы күміске қанағат болды, ал еуропа чемпионатын 2000 жылы бағындырды, қоса кетсек 2003 жылы Конфедерация кубогінен алтыннан алқа тақты. Осындай жетістіктерге жеткен Тьерриді "алтын допқа" лайық деушілер әлі бар да шығар? Давид Трезеге 1998 жылы Францияны әлем чемпионы атанган. Давидті де ХХІ ғасырдың үздік футболшысы деуге болады. Өйткені құрамадағы жетістігінен кейінгі жылдары "Ювентустың" батыры атанда. Дел Пьеро екеуі нағыз жұп болды. "Ювентусті" талай өрге сүйреді. Оны қойсаңыз Давидтің ең сәтсіз матчы 2003 ЧЛ-ның финалында пенальтиден "Миланнан" жеңілуі ауыр тиді.Керек десеңіз Трезеге 2000 жылы Франция құрамасымен еуропа чемпионы атанып күллі әлемге Франция футболын мойындатты. Сол кездегі ойыншылар мен қазіргі жас таланттарды салыстырып қарасаңыз қандай нәтиже шығатынын өзіңізде білесіз. Карим Бензема "Лионның" қатарында жақсы ойын өрнегін көрсетіп 2009 жылы бірден мадридтік "Реалдың" қатарына қосылып негізгі құрамның ойыншысы болды. Ал қазірде ұлттық құраманың көшбасшысы Бензема Франция құрамасына 2007 жылы шақырылып, осы кезге дейін 57 матчқа қатысып 15 гол соққан болатын. Бар жоғы 25-жастағы Карим осыншама ойынға қатысып Зиданның ізбасары атанды. Білсеңіздер Бензема Зинединнің жерлесі екен. Өйткені Карим де Алжирлік болып келеді. Негізі француз футболында алжирліктер көптеп кездеседі. Енді "Королдік клубтағы" жағдайына оралсақ. Бензема осы жылғы маусымда командадан кетеді деген сыбыстар шыққан болатын. Алайда француз-алжирлік шабуылшының бағына орай клубта тағы бірнеше жыл өнер көрсететін секілді. Бенземаның мадридтік командадан кетуіне себепте жоқ шығар? Өйткені Карим қиын сәтте клубқа көп септігін тигізеді. Бенземаның баспен соққаны, алыстан тепкен соқысы әрбір қақпашыны бас шайқаттырмай қоймайды. Клубтың негізгі құрамынан түспейтін Карим 2009 жылдан бері 123 ойынға шығып 55 гол салған. Бір айта кететін жайт Бензема Францияда туылған. Николя Анелкада, Саа сияқты футболдағы карьерасының көп жылдарын Англия чемпионатында өткізді, әлі де жалғастырмақшы. Жақында ғана ағылшындық "Вест Бромбич" ауысқан Анельканың 12 клубы. Олай дейтін себебіміз осыған дейін 11 командада өнер көрсеткен. Клуб ауыстырудан жалықпайтын Николя футболга ең алғаш 1994 жылы аяқ басқан еді. Ол кезде "ПСЖ-нің" жас таланты болатын одан кейін қаншама клубтарға ауысып міне соңында "Вест Бромбичтен" бірақ шықты. Ал ұлттық құрамада 1998 жылы қабылданып 2010 жылы бас бапкермен түсініспеушілігінің кесірін құрамадан шететілді. Осы аралықта бар жоғы 69 ойынға шығып 14 рет қақпа торына гол ұрған. Біле-білсеңіздер Анелька Мартиникалық екен. Ал ойыншы-бапкер мансабын 34 жасында яғни 2012 жылы қытайлық "Шанхай Шэньхуа" сапында бастады. Анельканың ең сүйкті нөмірі "39". Қайда жүрседе сол нөмірді тастамайды, құдды бір Николяға құйып қойғандай. Өйткені футболшының сәттілік әкелетін саны. Джибриль Сиссе, шал десекте болады, ал қазіргі замандағы тілде фрик атанып отыр. Өйткені сақалы, шашы өзгелерден ерекше, қаншалықты сақал-мұрты ақ болсада сондағы 32-жаста. Джибрильдің ойнамаған чемпионаты қалды десекте болады. Тек Испания, Германия чемпионатында доп теппегені болмаса, қалған карьерасында фаворит ұғымды чемпионаттарда өнер көрсетті. Олар: Англия, Франция, Грекия, Италия, Катар міне көрдіңізбе сонау БАӘ-нің бұрын құзырында болған Катар чемпионатында доп теуіп қайтыпты. Құдды бір саяхатшы секілді, міне осылайша Сиссе Ресейдің Кроснадар қаласынан бір шықты. Біздін Бауыржан Исламханның командаласы. Өйткені Сиссе жазғы трансферлік маусымда кроснадарлық "Кубань" сапына қосылған еді. Енді ұлттық құрамадағы ғұмыры жайлы сөз қозғасақ. 2002 жылы француздық "Осер" қатарында жақсы ойын өрнегімен көзге түсіп бірден шақырту алады. Осылайша ұлттық құрамада 2011 жылға дейін ойнап және де 41 матчқа қатысып 9 гол салған. Джибриль басқа футболшылар секілді өзге ұлттың адамы. Сиссе мұсылман отбасынан шыққан. Яғни Кот-д'Ивуар мемлекетінің ұлты. Джибрильдің әкесі кәсіпқой футболшы болған, кезінде Кот-д'Ивуар құрамасының капитаны да болған. Саламат Оңалдықов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×