“Аристократтар” “Арсеналға” жағдай жасады…

02.03.2011, 18:30
“Аристократтар” “Арсеналға” жағдай жасады…
Кеше түнде көпшілікті сүйсіндерген тағы бір матчтың куәсі болдық. Мұны да финалға бергісіз ойындардың бірі десекте болар. Өйткені, дәл осындай айтулы айқастарды аракідік ғана көретініміз бар. Ағылшын және әлем футболының көшбасшылары саналатын қос клубтың текетіресін тамашаламағандар кемде-кем шығар. Кейінге қалдырылған 18-турдың басты ойыны “Стэмфорд Бриджде” өтті. Бұған дейін “Копенгагенді” жеңіп, желпінген Лондондықтар жеңіске деген жігерін көрсетті.

Фернандо Торрестің өзі ауынан тышқан өткізбейтін Видичпен Фердинандтың өзін жекпе-жекке шақырды. Алайда ардаргер Рио бұл ойыннан тыс қалды. Сэр Алекстің сенген сиыры ойынның соңында сұйықтық танытып қойды. Дрогбамен Рамирестен айласын асыра алмаған серб жігіті алаңнан қуылды. Ә дегеннен ойынды қолған алған «қызыл сойқандар» есеп ашуға тырысып бақты. Бұл ойлары ойынның 29-шы минутында жүзеге асты. Қақпадан 30-35 мтер жерден доп алған Руни алыстан соққы бағыттап, бағананың төменгі бұрышынан Чехты доп алып шығуға мәжбүрледі. Алайда ақсүйектер тез ес жия қойды. Бірінші таймды 0-1 есебімен аяқтаған Лондондықтар Анчелоттиден он бес минуттық тәлім терді. Ойынның 54-ші минутында алыстан бағытталған допқа бірінші болып баспен Бранислав Иванович жеткен болатын. Оның әуелеп ұшқан пасына Давид Луис бірінші болып тіл қатып, есепті теңестірді. Осы голдан қарқын алған қарақұрлықтың өкілдері Майкл Эсьенмен Дидье Дрогба және Рамирестер Скоулзбен Фабионың тынышын алды. Ойынға Малуданы алмастырып кірген Жирков сәлде болса серпін қосты. Дрогбамен Лэмпардтың пас алмасу сәтінде Жирковты шалып жыққан Смоллинг “Челсиге” пенальти сыйлады. Бабына енген Лэмпард дәл ортаға ауыр соққы бағыттап есепті еселеді. Турнир кестесінің төртінші орнына жайғасқан ақсүйектер “Арсеналға” сыйлық жасады. Келер турда “Манчестерді” “Ливерпуль” күтетін болады. Дегенмен ойында доп алу және бұрыштама беру көрсеткіштері бойынша «ақсүйектер» алда көрінді. Соңғы минутта манкуниандықтар мүлдем доп ала алмай қойды. “Челсидің” қарқыны шын мәнінде қатты көрінді.

Ағылшын премьер-лигасы. 18 турдың кейінге қалдырылған ойыны “ЧЕЛСИ” – “МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД” – 2:1 (0:1) Голдар: Руни, 30 (0:1). Давид Луиз, 54 (1:1). Лэмпард -пенальти, 79 (2:1). “Челси”: Чех, Иванович, Давид Луиз (Жозе Босингва, 81), Терри, Коул, Эссьен, Лэмпард, Рамирес, Анелька (Дрогба, 61), Фернандо Торрес, Малуда (ЖИРКОВ, 71). “Манчестер Юнайтед”: ван дер Сар, О`Ши, Смоллинг, Видич, Эвра (Да Силва, 81), Флетчер, Кэррик, Скоулз (Гиггз, 70), Нани, Эрнандес (Бербатов, 70), Руни. Ескертулер: Рамирес, 13. Видич, 45. Давид Луиз, 61. Эссьен, 74. Гиггз, 90+2. Алаңнан қуылды: Видич, 90+3 (екі сары қағаз.). Төреші: Аткинсон.

Еркін ШӘКІРҰЛЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×