Арман қуған "екінші Моуриньо"

21.03.2014, 03:39
Арман қуған "екінші Моуриньо"
Иә, португалиялық Андре Виллаш-Боаштың өз есіммімен қоса, оның осындай лақап аты да бар. Бір кездері Андрены, Моуриньюдың “құлағы мен көзі” деп те атады. Жозеның өзі қалай келгенің есімізге түсірейік, футбол әлеміне.  Гвардиоланың мықты жаттықтырушы атануына әсер  еткен  жағдай, голландиялық Йохан Кройффтың командасында ойнауы десек,  Жозеның мықты атануына, әйгілі шотландиялық Бобби Робсонның штабында жұмыс істеуі.  “Ақсүйектердің” қазіргі жаттықтырушысы шотландиялықтан көп нәрсе үйренді. “Портумен”  Чемпиондар лигасындағы жеңіс, “Тұманды Альбионнан” Роман Абрамовичтен шақыру алу, “Примьер-лигадағы” екі алтын жүлде, “Интермен” 2010 жылы хет-трик жасауы, Испанияны шулатып, “Реалды” жаттықтыруы, міне, осының бәрі сөзіме дәйек. “Портудың” жаттықтырушысы кезінде, Бобби Робсонның ұсынысы бойынша, өзіне көмекші ретінде, 25 жасар Андре Виллаш-Боашты алады. Бобби Робсонмен, Андре 16 жасында футболды әуесқой деңгейде ойнап жүрген кезде танысқантұғын. Жас та, талапты Андреның өмірінде, Моуриньюмен бірге жеңісті күндер басталады. Содан кейін, Жозе “Челсиға” кетті. Ал, Андре ұстазымен қош айтысып, өзінің одан кем еместігін, тіпті артық  екендігін дәлелдеуге аттанды. 2010 жылы, Португалияның ортаң қол командасы, “Академиканы” жаттықтырып жүрген, 32 жасар Андре, “Портудан” шақыру алады. “Портуны” “гранд” демесек те, алдына жеңіс тұғырының биік шыңын  мақсат етіп қоятын ұжым. Фалькао, Халк, Раул Мейрэлеш.  Бұларды қазір Еуропаның кез келген командасы, өз қатарында көргісі келеді. Жас маман тәуекелге барады.  Бұндай команданы жаттықтыру үлкен сынақ болатын. Көптеген мамандар,  “Портудан” жақын арада-ақ қуылады деп, өздерінше болжам айтты. Бірақ, маусым Андре үшін  сәтті басталады. Алғашқы 6 ойында ұпай жоғалтпауы, басты қарсыласы "Бенфиканы" жермен-жексен етуі, маусым аяғында оларды 21 ұпайға озып, чемпион атануы, Еуропа лигасында, финалда тағы бір қарсыласы "Браганы" жеңуі, осының бәрі, ондай мамандардың аузына құм құйады. Бірақ, Жозе шәкірті өз командасына адал болып қала алмады. Келісім-шартын бұзып, арман қуып, Жозе Моуриньюдің ізімен Лондонға, “Челсиды” жаттықтыруға келеді. Абрамовичтің оған сенгені соншалықты, тіпті келісім-шарт бұзылғаны үшін, португалиялық клубқа 15 миллион еуро көлемінде ақша төлейді. Бірақ, атақ әкелмейді оның бұл қадамы.  Өзінің жас деңгейлестері, клубтың “ардагер” ойыншыларымен  кикілжіңі көбейеді. Жаттықтырушыларын қолғап ауыстырғандай ауыстыратын,  миллиардер Роман Абрамовичке бұл жағдай ұнамайды. Ақыры, 4 наурыз 2012 жылы, “Вест Бромвичтен” жеңілісінен кейін, "Челсиден" қуылып тынды. "Челсиден" кетсе де, Англиядан кетпейді. Харри Реднаппты жоқтатпуды көздеген "Тоттенхэм"  басшылығы, бос жүрген Андрены клубқа шақырады. Әрине, "Тоттенхэм" "Челси" емес. Алдына қойған мақсаттары қарапайымдау. Мұрыныннан қан кетсе де, барлық турнирдің алтынын еншіле дейтіндей Роман Абрамович те жоқ. Алғашқы маусым сәтті болғанмен де, екінші маусымның бел ортасына жетпей-ақ қуылып тынады. Себеп жоқ емес. Команданың миы Гарет Бэйлдің Испанияға кетуі, ұжымның ойының толық өзгерту керек болады, Андренің алдына жаңа команданы құру міндет етіп қойылады. Командан екі-үш айда құрыла салатын дүние емес, оған ұзақ процесс керек, уақыт керек, төзім керек. Бэйлдан түскен ақшаға сатып алған ойыншылар ішінен тек қана Паулиньо мен Эриксен ғана үмітті ақтайды. Команданың шабуылдағы лидері болады деп сатып алынған Сольдадо сылбыр ойын көрсетеді. Бәрі қалай біткені белгілі, Ливерпульден ойсырай жеңілгеннен кейін Андре Виллаш-Боаш орнынан кетеді. Сонымен, екінші Моуриньоның Англияға сапары сәтсіз аяқталады. Шындығына келсек, Англияда жұмыс істеуіне Андреның қауқары жетпейді. Мүмкін, тәжірбиесі де, мүмкін, жаттықтырушы үшін жастығы да. Жетеді, бір маусым ғана. Егер де, "Тоттенхэммен" жұмысын алсақ, бірінші маусымда, мейлі "шпорлар" Чемпиондар Лигасына шықпаса да, команданың ойын өрнегінде ерекшелік байқалды. Тарихи, ұлы жеңістер болды. Қайсарлықтың арқасында келген жеңістер болды. "Олд Траффордтағы" "Юнайтедтең" 0-2 жеңіліп жатып, екінші таймда жеңісті жұлып әкеткенінің өзі неге тұрады? Дегенмен де, тәтті басталған сапар ащы аяқталады. Жеңіс артынан, жеңілістер келіп, жанарына жас келе, лондондық жанкүйерлермен қоштасады. Өмір болған соң, адам басында бәрі болады. Эверестің биік шыңына шығып, онда ұзақ тұру мүмкін емес. Боаштың сәтсіздіктерін түсінуге болады.  Бірақ, Боаштың бір қателігі, немесе әлсіздігі, кінәні өзінен емес, өзгеден іздеуі. "Челси" да солай, "Тоттенхэмда" да солай. Құдды Моуриньо секілді. Бірақ, Моуриньодан айырмашылығы соққыға шыдай алмайтындығы. Маңыздысы, өмірде сенің қалай соққы бағыттайтынын емес, маңыздысы саған бағытталған соққыға қалай шыдайтынында емес пе? Бұл жағынан Андре әлсіз. Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, Андре қазір Петерборда, "Зенитті" тізгіндеді. Жақында ғана кеткен Спалетти орнына келді. Әрине, бұл маманмен ресейлік клубтың жеңістерге жетуі мүмкін. Андреге, "Зенит" басшылығы  Англияда берілмеген уақытты берері анық. 4 жылдық келісім-шарт ұсынғаны да сондықтан. Онымен қоса, "Портуда" осы маман кезеңінде жасындай жарқылдаған Халк бар "Зенитте", тағы да португалиялық тілде сөйлейтін біраз ойыншылар бар. Онымен қоса, Англияда пресса тарапынан жасалған қысым, Ресейде жасалмайтыны анық. Бірақ, егер де, "Зенитпен" құлдырауға кетіп, морт сынған кезде, бәрін басшылықтан көрмесіне кім кепіл? Таяқтың екі ұшы болатыны секілді, бұл екі жақ үшін де үлкен тәуекел. Қайткен күнде де, Андре Виллаш-Боаш бұл қадамында, Еуропаға, өзінің осал емес екенін танытуы керек. Андре Виллаш-Боаш жас болса да, шынымен де мықты жаттықтырушы ма, әлде атақ қуған дәрменсіз, мансапқұмар осал адам ба оны уақыт көрсете жатар. Жас маманға тілеріміз тек қана сәттілік!   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×