Арманда жаным, арманда

13.01.2014, 23:16
Арманда жаным, арманда
Әлемдік футбол жұлдыздарының бәрі бірдей бала кезінде ең танымал спорт түрімен айналыссам деп армандамапты. Әрине бұған себеп көп. Келу үшін үлкен тәуекел керек, бірінің отбасылық жағдайы мұрсат бермеді, ал енді бірінің ата-анасы. Әлемдік футбол жұлдыздарының бірқатары футболға дейін қандай кәсіптің тұтқасын ұстаған немесе кім болам деп армандапты, сонымен бөлісейік. Жүк көлігі жүргізушісі Скотт Паркер Скотт Партердің әкесі ұзақ жолдарда камаз көлігін айдайтын жүргізуші екен. Қазіргі «Фулхэмнің» жартылай қорғаушысы да әрине алма ағашынан алыс түспейді деп, өскенде әке кәсібін жалғастыруды армандапты. «Мен әкеммен бірге кабина ішінде отырғанымда ... маған артық ештеңе керек болмайтын. Жүк көлігі жүргізуші болсам, қандай керемет болар еді деп ойлайтынмын».     Рональдиньо және жағымды музыка   Милан мен Барселонаның экс-аяқдопшысын тек алаңнан көруге көзіміз үйренген. Сөйтсек ол тым жақсы музыкант болып шықты. Қандай музыка екенін білгіңіз келе ме? Самба. Бразилиялық сахнаға да жиі шығып тұратын көрінеді. Бірақ маска киіп қана орындайтын көрінеді. Себеп? Адамдарға танылмауы үшін, сондай-ақ музыкант- әріптестерін қорқытпас үшін.   Шахтер Ежи Дудек   Ежи Дудектің тағдыры ол туғанға дейін шешіліп қойғандай еді- оның әкесі де, атасы да шахтер болған. «Көп болса мен де шахтада жұмыс істермін деп ойлайтынмын»,- дейді Дудектің өзі. Мамандығын игере бастапты. Жер астындағы өмірге дайындалып, тіптен каска да сатып алған көрінеді. Сөйтіп жүргенде жазмышына жазылған футбол оны іздеп тауыпты. «Үшінші дивизионның президенті өз қоластында ойнап жүрген екі жігітті орныма шахтаға ауыстырып, менімен келісім шартқа отырды»,-дейді ол. Ал жігіттер болса әлгіндей айырбасқа таң қалмады десек ешкім сенбес әлбетте.   Қоқысшы Невилл Саутхолл   Эвертон командасы мен Уэльс құрамасының голкипері Невилл Саутоллды білетін болуларың керек. Міне сол өзін фуболда мойындатқанға дейін қоқыс жинаған көрінеді. Өндірістік қалдықтарды жинау әрине оның арманы болмаған. Доп тебу секілді оны да ақша үшін кәсіп қылыпты. «Мен негізі пошташы болғым келген,-деп жазады өмірбаянында Саутолл.-Бірақ мектепте болашақ туралы кездесуде мұнымды ешкім байсалды қабылдамады. Мммм, дұрыс екен деген көзқарастан ары аспады. Сондықтан арманыма қол жеткізу бұйырмады».   Бұқа қуушы Рамос   Серхио Рамостың да барлық балақай секілді арманы болыпты. Бірақ оны Спортта Қатыгездік пен Зорлық-зомбылыққа қарсы Лиганың мүшесі әрі вегетариан бірі ретінде қарасаң арманы қорқынышты. «Мен кішкене кезімде не тореадор, не футболист болуды қалайтынмын. Бірақ мені анам корридада көруден қорқатын-ды»-дейді аяқдопшының өзі. Рамос бұған қоса қызыл түсті қатты жақсы көреді екен, содан ба Мадридтік Реалдағы қызыл карточканы ең көп көретіндердің бірі.   Журналист Хуан Мата Оқиға басқаша өрбігенде біз Испания құрамасы мен Челсидің аяқдопшысы Хуан Мата туралы бұл жолдарды жазбаған болар ма едік, кім білсін?! Ол кезінде Мадрид Политехникалық Университетінің журналистика факультетінде оқыпты. Сондай-ақ колумбиялық гол машинасы Радамель Фалькао да ұстазы футболист болып миллиондаған табысқа кенеле аласың деп кеңес бермегенде футболды жазып жүре берер ме еді?   Күтуші Петер Шмейхель   Петер Шмайхель өзін әлемдік футболда ең үздік голкиперлердің қатарынан көрмес бұрын біраз кәсіптің басын шалыпты. Атап айтсақ, газеттің жарнама бөлімінде, сондай-ақ дүкенде сатушы, тсс. Осы кәсіптердің ішінде ол үшін қызықтырағы қарттар үйіндегі кір-қожалақ кәрілерді тазалау болыпты. Бұның қатты дауыспен айтылған бұйрығын кейбір тас саңырау қарттардың өзі еститін болыпты-мыс.   Наубай Клинсманн   Юрген Клинсманның әкесі Зигфрид Клинсманн 1978 жылы Штутгартта үш этажды наубайхана ашқанда ұлым аппақ шапкамен кәсібімді жалғастырады деп болжаған-ды. 1982 жылы наубай дипломын алғанымен Юргеннің басқа жоспарлары болыпты. «Мен мұнымен айналыспаймын дедім,-деп еске алады кейіннен Интердің, Монаконың, Тоттенхэм және Баварияның экс-сұрмергені. –Мен футбол ойнаймын». Солай болды да. Бірақ қазір кремі бар тәтті тоқаштарды бұрынғыдағыдай пісіретін көрінеді.   Спорттық сайттардан жинап терген Ғалия СЕРІКҚЫЗЫ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×