Армения құрамасы бас бапкерсіз қалды

14.10.2016, 21:42
Армения құрамасы бас бапкерсіз қалды
Футболдан Қазақстан құрамасының ӘЧ-2018 іріктеу кезеңіндегі қарсыласы Армения құрамасының бас бапкері Варужан Сукиасян қызметінен босатылды. Бұл туралы Армения футбол Федерациясының ресми сайты хабарлады. «Армения құрамасының бас бапкері Варужан Сукиасян өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды», - делінген АФФ-ның ресми сайтында. Естеріңізге сала кетсек, Сукиасян Армения құрамасының тізгінін 2015-ші жылдың желтоқсан айында ұстаған болатын. Оның қол астында армениялықтар ӘЧ-2018 іріктеу кезеңінде Дания (0:1), Румыния (0:5) мен Польшадан (1:2) ұтылған болатын.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×