«Манчестер Юнайтедтің» қорғаушысы Джонни Эванс «Ньюкасл» шабуылшысы Паписса Сиссеге түкіріп жіберген болатын. Сиссе де қарыз болып қалмай, оған түкірікпен жауабын қайтарды. Енді екі футболшы да бірнеше матчқа алаңнан шеттетілуі мүмкін. Аталмыш оқиғаға байланысты «Арсеналдың» бас бапкері Арсен Венгер өз ойын білдірді.
«Бүгінде телевидение түймедей нәрсені түйедей қылып жібереді. Кезінде маған да түкірген. Шамасы, өте дөрекі ойнаған шығармын. Бірақ ол кезде ешкім ештеңе айтпайтын.
Францияда ойнап жүргенімде, мұндай жағдайлар орын алып тұратын. Бірақ ол кезде телеарналардан ештеңе айтпайтын. Әрине, экранда бұл одан да жаман болып көрінеді ғой. Ол кезде, сөзсіз, қатты ашуланатынмын, бірақ өзімді ұстай алатын едім. Алты матчқа жазалану ма? Ол кезде жазаны өзім іштей жасайтынмын», - деді Венгер.